Білімді ұрпақ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Жарқын Болашақ
Бағдарламаға Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысының Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы және Бейнеу аудандарынан 12-ден 22 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
Бағдарлама аясында Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Семей, Көкшетау, Петропавл, Павлодар қалаларындағы оқу орындарына түсуге болады. Бағдарлама қатысушылары гуманитарлық, спорттық, техникалық, экономикалық және өнер бағыттары бойынша, сондай-ақ медицина саласында білім ала алады. Жалпы алғанда «Жарқын Болашақ» аясында 100-ден астам мамандық ұсынылған.
Өтінім беруГрант иегеріне берілетін мүмкіндіктер
Оқу мен жатақхана ақысын қаржыландыру
Жоғарылатылған шәкіртақы
Белгіленген көлемдегі жол шығындары
Кәсіби бағдар беру
Жан-жақты дамуына қолдау көрсету
Оқу үлгерімі мен тәртібін қадағалау
Туындаған мәселелердің шешу жолын көрсету
Психологиялық көмек
Оқу жылы бойынша мәлімет
Өтінім беру
Өтінім беру үшін ең алдымен мамандықты, білім беру ұйымын дұрыс таңдау қажет. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасымен және жатақхана жағдайымен толықтай танысып алғаныңыз дұрыс. Сонымен қатар өтінім беру үшін қажетті құжаттарды PDF форматында алдын ала дайындап алғаныңыз жөн. "Жарқын Болашақ" бағдарламасына өтінім қабылдау мерзімі zharqynbolashaq.kz сайтында және Instagram желісіндегі @zharqyn__bolashaq парақшасында жарияланады.
Өтінім беру