«Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегері атану конкурсының шарттары!
Бағдарлама Маңғыстау облысының жастарына еліміздің үздік оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігін береді
Өтінім беруҮміткерге қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі
Конкурс шарттарына сәйкес құжаттарды өткізу
12-22 жас аралығындағы болу
Жаңаөзен қаласы, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының мектебін бітіру
Үміткерлерді іріктеу және қабылдау кезінде басымдық беріледі:
Әлеуметтік жағдайы
Оқу ынтасы
Таңдаған мамандығы
Грант иегеріне берілетін мүмкіндіктер
Оқу мен жатақхана ақысын қаржыландыру
Жоғарылатылған шәкіртақы
Белгіленген көлемдегі жол шығындары
Кәсіби бағдар беру
Жан-жақты дамуына қолдау көрсету
Оқу үлгерімі мен тәртібін қадағалау
Туындаған мәселелердің шешу жолын көрсету
Психологиялық көмек
Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлермен Бағдарламаның шарттары көрсетілген келісімшарт жасалады.
Іріктеу кезеңінің бірінен өте алмаған үміткерлер келесі кезеңге жіберілмейді.
Конкурстық іріктеудің ашық және әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында бағдарлама ұйымдастырушыларынан тұратын конкурстық комиссия құрылады.
Еліміздің алдыңғы қатарлы білім беру ұйымында білім алу
Өтінім беру үшін ең алдымен мамандықты, білім беру ұйымын дұрыс таңдау қажет. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасымен және жатақхана жағдайымен толықтай танысып алғаныңыз дұрыс. Сонымен қатар өтінім беру үшін қажетті құжаттарды PDF форматында алдын ала дайындап алғаныңыз жөн. "Жарқын Болашақ" бағдарламасына өтінім қабылдау мерзімі zharqynbolashaq.kz сайтында және Instagram желісіндегі @zharqyn__bolashaq парақшасында жарияланады.
Өтінім беру