"MUNAILY MEKEN" газеті
2022 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама өңір жастарының сапалы әрі қолжетімді білім алуына жағдай жасап, олардың еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына үлес қосты.
«Жарқын болашақ» жобасы аясында осы жылы 333 түлек оқуын табысты аяқтап, диплом иегері атанды. Оның ішінде 256 студент пен 77 оқушы бар. Басым бөлігі – техникалық сала өкілдері.
Атап айтқанда, 144 түлек (56,25%) техникалық мамандық иесі атанып отыр.
Ал гуманитарлық бағытты 47 түлек (18,36%),
өнер және спорт саласын 26 түлек (10,16%),
медициналық бағытты 11 түлек (4,30%),
өндірістік-техникалық және экономикалық бағыттарды 10 түлек (3,91%),
педагогикалық бағытты 8 түлек (3,13%) бітірді.
